Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 2012 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында білім беру ұйымының қызметін бағалау бойынша АРТА Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы жүргізілді. Агенттік институционалдық аккредиттеумен қатар, алғашқы рет мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізді. «Математика», «Физика» және «Биология» бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары бағаланды. Осы арада, бұған дейін Қазақстанда ұлттық агенттіктер білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізбегенін атап айтқан жөн.
ССК білім беру жүйесінің жетекші қазақстандық және ресейлік сарапшыларынан құрылды: төрағасы – физика-математика ғылымдарының докторы, э.ғ.к., профессор, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу жұмыстары және жаңа оқыту технологиялары жөніндегі проректоры Майер Федор Федорович; сарапшылар – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Эпп Владимир Яковлевич, пед.ғ.д., профессор, Омск мемлекеттік педагогикалық университетінің математиканы оқытудың әдістемесі мен теориясы кафедрасының меңгерушісі Далингер Виктор Алексеевич; қазақстандық сарапшылар – б.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры Нестерова Светлана Георгиевна, тех.ғ.д., профессор, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Сапа менеджменті қызметінің бастығы Погребицкая Марина Владимировна.
ССК-да жұмыс берушілердің мүддесін Павлодар қаласы № 9 мектеп-гимназиясының директоры Завальная Светлана Витальевна қорғады. ССК жұмысына студенттік жастардың өкілі ретінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Оразбек Әлібек Сайлаубекұлы қатысты.
ССК сапары барысында жоғары оқу орнының және алға тартылған білім беру бағдарламаларының білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесінің қызметі және АРТА стандарттары мен өлшемдеріне сәйкестігі бағаланды. Жоғары оқу орны ерекшеліктерінің бірі ретінде сарапшылар басқару қызметіне ақпараттық технологияларды белсенді түрде ендіру мен электрондық құжат айналымына өту үшін тұрақты негіз жасалғанын атап өтті.
Мақсатты топтармен жұмыс жүргізуден басқа, білім алушылар және оқытушылар, түлектер және жұмыс берушілермен кездесулер орын алды. ССК мүшелері білім беру бағдарламалары бойынша оқыту сабақтарына қатысып, сонымен қатар жатақхана, спортзал, мәжіліс залы мен ғылыми кітапхананы көрді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын және оның «Математика», «Физика», «Биология» білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы шешім АРТА Аккредиттеу Кеңесінің отырысында қабылданады.