2012 жылдың 4-6 желтоқсан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) жұмыс істеді. Комиссияның жұмысы аталған жоғары оқу орнының институционалдық аккредиттеуден өту үдерісі аясында жүзеге асты. Оның құрамына отандық және шетел сарапшылары енді. ССК-ның жұмысын ССК төрағасы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы үйлестіріп отырды.
Сонымен қатар, ССК жұмысына келесі белгілі шетел сарапшылары қатысты: Париж Жоғары ұлттық ән және би консерваториясы Халықаралық байланыстар департаментінің директоры, Еуропалық консерваториялар, музыка академиялары мен жоғары мектептері бірлестігінің вице-президенті Гретчен Амюссен (Франция); Эстон музыка және би академиясының ректоры Пэп Лассманн (Таллинн, Эстония); профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясының проректоры Дина Константиновна Кирнарская (Ресей). Комиссияның құрамында келесі қазақстандық сарапшылар қызмет атқарды: педагогика ғылымдарының докторы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Сапаны бақылау басқармасының бастығы Скиба Марина Александровна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бөлім бастығы Кириллова Галия Ришатовна.
Жұмыс берушілердің атынан сарапшы ретінде Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайратекері Ғ.Т. Несіпбаев қатысты. ССК жұмысына студенттік жастардың өкілі ретінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4 курс студенті Жалмағамбетова Ақмарал Ербосынқызы белсенді түрде араласты.
ССК жұмыс барысында білім беру сапасын, АРТА-ның институционалдық стандартарына сәйкестігін бағалады, профессорлармен, оқытушылармен және студенттермен кездесті, кітапхананы, компьютерлік сыныптар мен зертханаларды аралады, консерваторияның материалдық-техникалық базасын бағалады.
Өткізілген сараптаманың нәтижесі бойынша комиссия оң қорытындыға келіп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы ұсыныс жасады.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аккредиттеу туралы шешім АРТА Аккредиттеу Кеңесінің отырысында қабылданады.