Қазақстанда 1-Ұлттық тізілімнің құрамына енгізілетін аккредиттеу органдарының алғашқы тізімі қалыптастырылды

2012 жылдың 31 мамырында «Rixos» қонақ-үйінің конференц-залында «Қазақстандағы білім беру ұйымдарын аккредиттеудің болашағы мен міндеттері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына қазақстандық және шетел тәуелсіз агенттіктерінің өкілдері қатысты: Колин Тук, Жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық тізілімнің (EQAR) директоры; Шолпан Қаланова, Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстан агенттігінің ғылыми жетекшісі (БСҚТҚА, Қазақстан); Римма Сейдахметова Ғаниқызы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ғылыми жетекшісі (АРТА, Қазақстан); Барбара Рейтмайер, Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыздандыру институтының үйлестірушісі (ACQUIN, Германия); Диетлинде Кастеллиз, Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Австралиялық агенттігінің менеджері (AQA, Австрия).

Семинардың соңында 1-Ұлттық тізілімнің құрамына енгізілетін аккредиттеу органдарының тізімін бекітуге арналған Республикалық аккредиттеу кеңесінің бірінші отырысы өтті.

 

 

\

 

Тізілімге ену мақсатында келесі агенттіктер өтініш білдірген:

 

 

Өтініш білдірген қазақстандық АРТА мен БСҚТҚА, еуропалық және американдық AQA, ASIIN, AСQUIN, ABET агенттіктері аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімге енгізудің тәртібі мен талаптарына сай болып шықты.

Аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімге енгізудің тәртібі мен талаптарына сәйкес ашық дауыс беру өткізіліп, Республикалық аккредиттеу кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен Ұлттық тізілімнің құрамына енгізілетін аккредиттеу органдарының тізімі қабылданды. 1-Ұлттық тізілімге екі қазақстандық агенттік – АРТА мен БСҚТҚА және төрт шетел агенттіктері енді – ACQUIN, AQA, ABET и ASIIN e.v.