15 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында UI GreenMetric Халықаралық семинары өтті. Семинар жұмысына 10 елден келген 20 шетелдік университеттер және 50 қазақстандық жоғары оқу орындар өкілдері қатысты.

Семинарға UI Green Metric Ranking of World Universities Төрағасы профессор Рири Фитри Сари (Индонезия), Еуропа, Балтық жағалауы халықаралық сарапшылары, ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары өкілдері, еліміздің ұлттық рейтингілік агенттіктер және қазақстандық жоо-ның өкілдері қатысты. Осы іс-шарада АРТА атынан ақпараттық-талдау жобасының жетекшісі Мырзағалиева А.Х. болды.

Семинардың мақсаты қазақстандық жоғары оқу орындарында "экологиялық" инфрақұрылымды қалыптастыру, кампустағы экологиялық проблемаларды шешуге академиялық қоғамдастықты тарту, энергияны, суды үнемді тұтыну және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық диалогтық платформа құру болып табылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу саласындағы өнімді өндіру жаңа технологиялар трансферті сұрақтар талқыланды.

ЖОО қызметкерлері мен білім алушыларының қоршаған ортаға экологиялық мәдениетін тәрбиелеудегі саясатының бастамашысы Индонезия Университеті болып табылады. Бұл «экологиялық» инфрақұрылымды әзірлеудегі университеттің әрбір қызметкері және білім алушысының міндеттемесін ұстануын өлшейтін бірінші және жалғыз рейтингі. Бұл рейтинг 2010 жылдан бері жарияланып келеді.

Рейтинг мақсаты энергия мен суды үнемдеуге, қалдықтарды рециркуляциялау және экологиялық қауіпсіз көлікке назар аударту, ғаламдық климаттың өзгеруімен күрес және экологиялық сана-сезімді жастардың бойында тәрбиелеу болып табылады. Конференция қорытындысы бойынша бірлескен қарар қабылданып, сертификаттар табыс етілді.